jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Жәнібек Әлімханұлының салмағындағы чемпион қазақстандық боксшы туралы мәлімдеме жасады

    Жәнібек Әлімханұлы
    Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

    Орта салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы, доминикандық боксшы Карлос Адамес жақында ауруханаға түсіп қалып, жекпе-жегі өтпей қалған Жәнібек Әлімханұлы туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    "Ол тез арада сауығып кетеді деп үміттенемін. Жәнібек жазылған соң, екеуіміз қарашада Джервонта Дэвис пен Василий Ломаченко жұдырықтасатын турнирде жекпе-жек өткізгенімізді қалаймын. Алдымызда 3 титул тұрады", - деп жазды Карлос Адамес X желісіндегі ресми парақшасында.

    Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы 14 шілдеде жаңа зеландиялық боксшы Андрей Михайловичпен жұдырықтсып, IBF және WBO чемпиондық белбеулерін қорғауы керек болған. Бірақ қазақстандық боксшы салмақ қуу кезінде есінен танып, ауруханаға түсіп қалды. Осылайша, жекпе-жек өтпейтін болды.

    Әлімханұлы соңғы рет 2023 жылы қазанда шаршы алаңға шыққан еді. Ол Германия өкілі Винченцо Гуальтиериді алтыншы раундта нокаутпен жеңген болатын. Қазақстандық боксшының кәсіпқой рингтегі рекорды – 15-0.

    Жәнібек Әлімханұлының салмағындағы чемпион қазақстандық боксшы туралы мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.