jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Бақтияр Артаев алғашқы жаттықтырушысын Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне ұсынды

    Бақтияр Артаев.
    Бақтияр Артаев. Фото: instagram.com/bakhtiyar_artayev

    Афина Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев алғашқы жаттықтырушысы Нұрлан Ақүрпековті бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    14 тамызда бокстан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметінен босатылған еді.

    "Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне дәл қазіргі кезде Нұрлан Ақүрпеков лайық", - деп жазды Бақтияр Артаев Instagram-дағы парақшасында.

    Айта кетейік, Нұрлан Ақүрпеков – Бақтияр Артаевтың алғашқы бапкері. Ол Артаевты 11 жасынан бастап боксқа баулып, жеке жаттықтырушысы да болды. Сондай-ақ бапкер Олжас Сәттібаев, Ғани Жайлауов, Әбілхан Аманқұл және т.б танымал боксшыларды жаттықтырған.

    Франция астанасы Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан ерлер құрамасынан 7 боксшы қатысты. Оның ішінде тек Нұрбек Оралбай финалға өтіп, күміс жүлде еншіледі.

    Бақтияр Артаев алғашқы жаттықтырушысын Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне ұсынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.