jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Маңдай терді бағалаймыз": бокс федерациясының президенті Мырзағали Айтжановқа құрмет көрсетті

    Мырзағали Айтжанов пен Шахмұрат Мүтәліп
    Мырзағали Айтжанов пен Шахмұрат Мүтәліп. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

    Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Мырзағали Айтжановқа құрмет көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақтың дәстүрі бойынша, Мырзағали Айтжановтың иығына шапан жабылып, бағалы сыйлықтар табысталды.

    "Мырзағали Құланұлының Қазақстан боксына сіңген еңбегі зор. Бүгінгі күнге дейін былғары қолғап шеберлерін дайындауда төккен маңдай терді бағалаймыз және сізге алғыс айтамыз", - деді бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп.

    Ұлттық құраманы 2023 жылдың қаңтарында тізгіндеген Мырзағали Айтжанов Париж Олимпиадасынан соң қызметінен босатылған еді. Кейін Қайрат Сәтжанов бас бапкер болып тағайындалды.

    Мырзағали Айтжанов 2009-2018 жылдар аралығында да ұлттық құраманың бас бапкері болып қызмет атқарды. Оның жетекшілігімен Лондондағы Олимпиада ойындарында Серік Сәпиев чемпион және Вэль Баркер кубогының иегері атанды, Рио-де-Жанейродағы Олимпиадада Данияр Елеусінов алтын медаль жеңіп алды.

    "Маңдай терді бағалаймыз": бокс федерациясының президенті Мырзағали Айтжановқа құрмет көрсетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.