jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақ боксшылары Азия чемпионатында өзбек қарсыластарын жеңіп, жартылай финалға өтті

    Қазақ және өзбек боксшылары
    Қазақ және өзбек боксшылары. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

    Сауд Арабиясының Әл-Айн қаласында өтіп жатқан бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстанның алты боксшысы жартылай финалға жолдама алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Турнирдің бесінші күні ширек финалдық жекпе-жектер өтіп, Қазақстан намысын тоғыз боксшы қорғады. Олардың алтауы жартылай финалға өтіп, кем дегенде қола жүлде иеленуге мүмкіндік алды. Үш жекпе-жекте қазақ бокшылары өзбекстандықтармен жұдырықтасып жеңіске жетті.

    Жекпе-жектердің нәтижесі:

    • 49 кг. Адият Маржықбаев (Қазақстан) – Агарзандан Батхияк (Моңғолия) 1:4;
    • 52 кг. Лакшай Будхвар (Үнді) – Нұрислам Оңғарбек (Қазақстан) 0:5;
    • 55 кг. Әбдімансұр Жақсылық (Қазақстан) – Матвий Шватко (Украина) 4:1;
    • 58 кг. Кирило Хорбунов (Украина) – Мейіржан Жүніс (Қазақстан) 3:2;
    • 61 кг. Әлимран Әлиев (Қазақстан) – Бектош Рахимжанов (Өзбекстан) 5:0;
    • 64 кг. Төрехан Қанатбай (Қазақстан) – Саиднаби Ботыров (Өзбекстан) 5:0;
    • 67 кг. Юнус Салихов (Украина) – Нұрасыл Оразали (Қазақстан) 4:1;
    • 70 кг. Мансұр Амантай (Қазақстан) – Тақи Әльқбаши (Ирак) 5:0;
    • +70 кг. Фарходжон Бахадиров (Өзбекстан) – Жәдігер Мүсірәлі (Қазақстан) 1:4.

    Еске салайық, Төрехан Сабырхан бастаған қазақ боксшылары Ресейдің Чита қаласында өткен Еуразия кубогында 13 медаль жеңіп алған еді.

    Қазақ боксшылары Азия чемпионатында өзбек қарсыластарын жеңіп, жартылай финалға өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.