Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сынап жатқандар 10 раундқа шыдамас еді": қазақстандық боксшы қыз ренішін жеткізді

Жарияланған күні:

Ангелина Лукас
Ангелина Лукас. Фото: Instagram/angelina_lukas1997

Кеше, 6 қазанда 10 раундқа созылған жекпе-жек нәтижесінде қазақ спортшысы Ангелина Лукас төрешілер шешімімен жеңімпаз атанды. Ол аса жеңіл салмақта IBO чемпиондық белбеуін еншіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

IBO чемпиондығы үшін болған жекпе-жекте қазақстандық боксшы Ангелина Лукастан (11-1, 5 КО) жеңіліп қалған аргентиналық Дебора Лопес (21-3-1, 1 КО) әділетсіздікке тап болғанын мәлімдеген еді. Осы орайда KAZ.NUR.KZ тілшісі Ангелина Лукаспен байланысып жекпе-жекке қатысты сұқбат құрды. Қазақстандық боксшы қыз үкімет тарапынан қолдау көрмегенін айтып, қазақ халқына алғысын білдірді.

"Мен елімнің намысын қорғап, әнұраным мен туымды паш етемін. Сол себепті менің жеңісіме күйе жаққысы келетіндердің барына қапалымын. Сынап жатқандардың ешқайсысы шлемсіз 10 раунд жұдырықтаса алмайды. Ешбір министр мен шенеунік маған көмектескен жоқ. Мен де ешкімнен қолдау сұрамадым.

Бірақ легионерлерге қолдау білдіріп, олар жайлы жақсы ақпарат таратады. Мен Қазақстанға титулмен оралдым. Ешкім осындай жекпе-жек өткізіп, елімізге бокс титулын алып келуге әрекет те жасамады. Ал мен жеңісті жұлып алып, бұны командаммен жасап отырмын. Ең бастысы қарапайым халқым қолдап отыр", - деді боксшы қыз.

Ангелина Лукас Бангкоктағы (Таиланд) бокс кешінде жұдырықтасты. Оның қарсыласы аргентиналық Дебора Анахи Лопес (21-2-1) болды. Жекпе-жек әйелдер арасындағы жеңіл салмақ дәрежесінде өтті. Он раундқа созылған кездесуде төрешілердің шешімімен Ангелина Лукас жеңіске жетті. Осылайша қазақстандық спортшы кәсіпқой рингтегі 11-жеңісіне қол жеткізіп, IBO белбеуінің иегері атанды. Бұл боксшының биылғы үшінші титулы. Осыған дейін ол WIBF және WBF белбеулерін жеңіп алған еді.

Ескерту: Сайттағы эксклюзив материалдарды көшіріп басу үшін редакцияның жазбаша рұқсатын (editor@corp.nur.kz электронды поштасы арқылы) алу керек! Сондай-ақ материалдың бірінші не екінші сөйлемінде KAZ.NUR.KZ порталына гиперсілтеме беру міндетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2171106-synap-zhatqandar-10-raundqa-shydamas-edi-qazaqstandyq-boksshy-qyz-renishin-zhetkizdi/