jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақ боксшылары World Boxing ұйымдастыратын алғашқы турнирде бақ сынайды

    Бокс
    Фото: Қазақстан бокс федерациясы

    Қазақстандық боксшылар World Boxing ұйымдастыруымен алғаш рет өтетін U19 әлем чемпионатына қатысады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    World Boxing ұйымдастыруымен алғаш рет өтетін 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем чемпионаты 26 қазан мен 2 қараша аралығында Пуэбло (Колорадо штаты, АҚШ) қаласында өтеді.

    Әлем чемпионатына 30 елден 180 боксшы қатысады деп күтілуде. Қазақстан командасы келесі құраммен АҚШ-қа аттанaды:

    • 55 кг. Ерасыл Аманғалиев;
    • 65 кг. Асылхан Көшербай;
    • 70 кг. Диас Серікұлы;
    • 85 кг. Даниял Райымбеков.

    Бұл әлем чемпионатына боксшыларды бапкерлер Азамат Туямашев пен Ержан Шагиров бастап барады.

    Айта кетейік, 26 қыркүйекте Қазақстан бокс федерациясы World Boxing ұйымының қатарына қосылу үшін ресми өтініш берген болатын.

    Сондай-ақ осы күні Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Халықаралық бокс федерациясы (World Boxing) жаңа Олимпиадалық комиссиясының төрағасы атанған еді.

    Қазақ боксшылары World Boxing ұйымдастыратын алғашқы турнирде бақ сынайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.