jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қырғызстан және тағы 6 ел World Boxing ұйымына мүше болды

    Қырғызстандық боксшы
    Қырғызстандық боксшы. Фото: instagram.com/officialworldboxing

    Былтыр сәуірде құрылған World Boxing ұйымына мүше федерациялар саны 51-ге жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    World Boxing ұйымына тағы 7 елдің бокс федерациясы қосылды. Олар Қырғызстан, Андорра, Бельгия, Ирак, Литва, Мадагаскар және Таиланд. Енді ұйым құрамында 51 федерация бар.

    World Boxing президенті Борис ван дер Варттың айтуынша, ұйымға 50-ден аса федерация қосылуының әлемдік бокс үшін үлкен маңызы бар.

    "Бұл өзгеріске деген ұмтылыстың және көптеген ұлттық федерациялар бокс Олимпиада ойындарының бір бөлігі болып қала беруі керек екенін мойындайтынының дәлелі", - деді ол.

    Айта кетейік, боксты Олимпиада бағдарламасында қалдыруды көздейтін World Boxing ұйымы 2023 жылдың сәуірінде құрылған. Биыл қыркүйекте Қазақстан бокс федерациясы ұйымның қатарына қосылу үшін ресми өтініш берген еді.

    Сондай-ақ Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин World Boxing жаңа Олимпиадалық комиссиясының төрағасы атанды. Оның басты міндеттерінің бірі – боксты  Олимпиада ойындарының бағдарламасында қалдырып, World Boxing ұйымын ХОК мойындауы үшін Халықаралық Олимпиада комитетімен тығыз әріптестік орнату.

    Қырғызстан және тағы 6 ел World Boxing ұйымына мүше болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.