jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Cанжарәлі Бегалиев бокстан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

    Боксшы Санжарәлі Бегалиев
    Боксшы Санжарәлі Бегалиев. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

    Қазақстандық боксшы Cанжарәлі Бегалиев Будвада (Черногория) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын жүлде еншіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Cанжарәлі Бегалиев 75 кг салмақ дәрежесіндегі финалда өзбек боксшысы Джафарбек Шахбазовпен қолғап түйістірді. Бұл жекпе-жекте қазақстандық спортшы қарсыласын айқын басымдықпен жеңді (5:0). Санжарәліге алтын жүлде үшін ұйымдастырушылар тарапынан 8000 доллар (3,9 млн теңге) сыйақы беріледі.

    Бегалиев әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде румыниялық Шуч Иштван Лайошты жеңсе, кейін Болгария боксшысы Хашем Халилден басым түскен еді. Ал ширек финалда кубалық қарсыласы Эбдрю Ардилесті, жартылай финалда польшалық Фабиан Урбанскиді ұтты.

    Санжарәлі Бегалиев 2022 жылы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алса, 2024 жылы жастар арасындағы құрлық додасында топ жарған болатын.

    Осыған дейін Төрехан Сабырхан Будва бәсекесінде кубалық боксшыны жеңіп, әлем чемпионы атанды. Қазір Қазақстан қоржынында 10 қола және 2 алтын жүлде бар.

    Cанжарәлі Бегалиев бокстан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.