jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    62 жастағы Холифилд Майк Тайсонды үшінші жекпе-жекке шақырды

    Майк Тайсон және Эвандер Холифилд. Фото
    Майк Тайсон және Эвандер Холифилд. Фото: Michael Tullberg/Getty Images

    Әйгілі америкалық боксшы Эвандер Холифилд бұрынғы қарсыласы Майк Тайсонды үшінші рет жекпе-жекке шығуға шақырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ауыр салмақта жұдырықтасатын қос аңыз боксшының алғашқы жекпе-жегі 1996 жылы жазда болған еді. Бұл бәсекеде Холифилд жеңіске жетті. Келесі жылы олар шаршы алаңда тағы кездескен. Осы жекпе-жекте Тайсон қарсыласының құлағын тістеп алып, дисквалификацияға ұшырап, жеңіліп қалды.

    62 жастағы Холифилд Instagram-дағы ресми парақшасында 58 жастағы Тайсонды трилогияға шақырып, "жанкүйерлер осыны қалайды", - деп жазды. Бұған Майк Тайсон "Сені жақсы көремін, бауырым. Бірақ трилогия – ол біздің достығымыз", - деп жауап қайтарды.

    Еске салайық, Майк Тайсон 16 қарашада 2005 жылдан бері алғаш рет кәсіпқой бокста жекпе-жек өткізген еді. Ол Арлингтондағы (АҚШ) бокс кешінде видеоблогер Джейк Полға есе жіберді. Кейін екі боксшы жекпе-жектен қанша табыс тапқаны белгілі болды.

    62 жастағы Холифилд Майк Тайсонды үшінші жекпе-жекке шақырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.