jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Төрехан Сабырхан қашаннан бастап ересектер арасындағы жарыстарда бақ сынайды

    Боксшы Төрехан Сабырхан
    Боксшы Төрехан Сабырхан. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

    Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов жастар арасында әлем чемпионы Төрехан Сабырхан қашаннан бастап ересектер арасындағы жарыстарда бақ сынайтынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Төрехан Сабырхан жақында ғана жастар арасында әлем чемпионы атанып, "ең үздік боксшы" номинациясын жеңіп алды. Енді желтоқсан айының 17-24 күндері аралығында Қарағандыда өтетін ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында бақ сынайды. 2006 жылғы боксшылар халықаралық бокс ережесіне сәйкес ересектер арасындағы бәсекеге тек келесі жылы ғана қатыса алады. Алайда біз Черногориядан жүлделі қайтқан, спорт шебері атағын алған жас спортшыларға Қарағандыдағы ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатына қатысуға мүмкіндік бердік", - деді Қайрат Сәтжанов.

    Төрехан Сабырхан Будвада (Черногория) өткен әлем біріншілігінің финалында кубалық Давид Эспиноcа Сантояны жеңіп, 67 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль еншілеген еді.

    Еске салайық, кеше, 21 қарашада бокстан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан ерлер құрамасы жасақталған болатын.

    Төрехан Сабырхан қашаннан бастап ересектер арасындағы жарыстарда бақ сынайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.