jitsu gif
Спорт

    Бейбарыс Жексен Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде өзбек боксшысын жеңді

    Қазақстандық боксшы Бейбарыс Жексен
    Қазақстандық боксшы Бейбарыс Жексен. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

    Қазақстандық боксшы Бейбарыс Жексен Таиландтағы Азия чемпионатының ширек финалына шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бейбарыс Жексен 1/8 финалда өзбек боксшысы Дильшод Абдумурадовпен жұдырықтасты. 60 кг салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте Бейбарыс төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

    Осыған дейін Дулат Бекбауов (67 кг) тайпейлік Джиа-Джун Чиуан Вангтан басым түсіп, ширек финалға шыққан еді. Сондай-ақ Оразбек Асылқұлов алғашқы жекпе-жегінде малайзиялық Зулхайлан Мохамадты екінші раундта техникалық нокаутпен ұтып, келесі айналымға жолдама алды.

    Еске салайық, Қазақстан ерлер құрамасы боксшыларының Азия чемпионатындағы алғашқы қарсыластары белгілі болған еді. Сондай-ақ әйелдер командасы спортшылары да бірінші жекпе-жегін кіммен өткізетіні анықталды.

    Бейбарыс Жексен Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде өзбек боксшысын жеңді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.