jitsu gif
Спорт

    Қазақ боксшысы рингке шықпай-ақ Азия чемпионатының жартылай финалына өтті

    Милана Сафронова
    Милана Сафронова. Фото: instagram.com/safronovamilana1

    Қазақстандық боксшы Милана Сафронова Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясының Instagram желсіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    66 кг дейінгі салмақ дәрежесінде ширек финалда Милана Сафронованың қарсыласы тайбэйлік боксшы Ли Мин болуы керек еді. Алайда Ли Мин жекпе-жектен бас тартқан. Осылайша Милана Сафронова бірден жартылай финалға жолдама алды.

    Енді Милана Сафронованың келесі қарсыласы Навбахор Хамидова (Өзбекстан) – Чанчэм Суваннапхенг (Таиланд) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі.

    Айта кетейік, Милана Сафронова 2019 жылы өткен әлем чемпионатында және сол жылы Бангкокта ұйымдастырылған Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алған болатын.

    Сондай-ақ бүгін, 3 желтоқсанда 54 кг салмақ дәрежесінде Махмұд Сабырхан алғашқы жекпе-жегінде тайбэйлік Лай Ян-Линді жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

    Қазақ боксшысы рингке шықпай-ақ Азия чемпионатының жартылай финалына өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.