Спорт

Зектілері

Қазақ қызы тартысты кездесуде өзбек боксшысынан айласын асырып, жартылай финалға жолдама алды (видео)

Жарияланған күні:

Аида Әбікеева мен Дильфуза Бекова
Аида Әбікеева мен Дильфуза Бекова. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Қазақстандық боксшы Аида Әбікеева Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әйелдер арасындағы 63 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Аида Әбікеева алғашқы кездесуінде өзбекстандық Дильфуза Бековамен шеберлік байқасты.

Алғашқы раундта Аида Әбікеева қарсыласына есе жіберіп қойғанымен, екінші раундта басымдық танытты. Шешуші үшінші раундта төрешілердің көпшілігі (4:1) жеңісті Аидаға берді. Осылайша, қазақстандық боксшы жартылай финалға жолдама алып, кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.

Еске сала кетейік, Қазақстандық боксшы Милана Сафронова қарсыласының жекпе-жектен бас тартуына байланысты Азия чемпионатының жартылай финалына тікелей жолдама алды.

Сондай-ақ бүгін, 3 желтоқсанда 54 кг салмақ дәрежесінде Махмұд Сабырхан алғашқы жекпе-жегінде тайбэйлік Лай Ян-Линді жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2195606-qazaq-qyzy-tartysty-kezdesude-ozbek-qyzynan-ailasyn-asyryp-zhartylai-finalga-zholdama-aldy/