jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Кәсіпқой бокстан оралған қазақ боксшысы қарсыласын нокдаунға түсіріп, жартылай финалға шықты

    Абылайхан Жүсіпов
    Абылайхан Жүсіпов. Фото: olympic.kz

    Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов (71 кг) ширек финалда түрікменстандық Байрамдурды Нұрмұхаммедовпен кездесті. Нәтижесінде қазақстандық боксшы төрешілердің бірыңғай шешімімен (5:0) жеңіске жетіп, Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

    Сондай-ақ жекпе-жектің үшінші раундында Абылайхан Жүсіпов қарсыласын нокдаунға жіберіп, есеп ашқан болатын.

    Енді Абылайхан Жүсіпов 8 желтоқсанда жартылай финалда Тәжікстан спортшысы Шохбожон Шукуровпен жұдырықтасады.

    Бүгін, 4 желтоқсанда Дулат Бекбауов 1/4 финалда малайзиялық Арифф Айман Мухаммадты жеңіп, жарыстың жартылай финалына өтті. Ал Диас Молжігітов жапониялық қарсыласы шаршы алаңға шығудан бас тартқан соң, Азия чемпионатының жартылай финалына тікелей жолдама алды.

    Айта кетейік, Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері және 2017 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған.

    2020-2023 жылдар аралығында Абылайхан Жүсіпов кәсіпқой бокста өз бағын сынап, 4 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Биыл Абылайхан Жүсіпов әуесқой боксқа қайта оралып, ұлттық құрама қатарына қосылған болатын.

    Кәсіпқой бокстан оралған қазақ боксшысы қарсыласын нокдаунға түсіріп, жартылай финалға шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.