jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақ боксшысы Азия чемпионатының ширек финалында жеңіліп қалды

    Казахстанский боксер Бейбарыс Жексен
    Казахстанский боксер Бейбарыс Жексен. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

    Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының мүшесі Бейбарыс Жексен Таиландтағы Азия чемпионатының ширек финалында сүрінді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    60 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Бейбарыс Жексен 1/4 финалда тәжікстандық Акмал Убайдовпен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте Убайдов төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

    Айта кетерлігі, Акмал Убайдов 2021 жылдан бері кәсіпқой бокста да өнер көрсетіп жүр. 24 жастағы спортшы бүгінге дейін бес жекпе-жек өткізіп, бесеуін де мерзімінен бұрын аяқтаған.

    Бейбарыс Жексен Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде өзбек боксшысы Дильшод Абдумурадовты жеңген еді.

    Осыған дейін Оразбек Асылқұлов таиландтық Пануват Чожан-Аттан басым түсіп, жартылай финалға өткен болатын. Бүгін, 5 желтоқсанда тағы 4 қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады. Ерлер арасында Ерасыл Жақпеков қырғызстандық Сағын Сатыбалды Уулумен жұдырықтасады. Ал әйелдер арасында Жазира Орақбаева тайбэйлік Луо Ю Тинмен, Ұлжан Сәрсенбек вьетнамдық Нгуен Хуен Чанмен және Виктория Графеева тайбэйлік Е Чен-Сюаньмен қолғап түйістіреді.

    Қазақ боксшысы Азия чемпионатының ширек финалында жеңіліп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.