jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Санжар Тәшкенбай тартысты кездесуде тәжік боксшысын жеңіп, жартылай финалға өтті

    Санжар Тәшкенбай
    Санжар Тәшкенбай. Фото: olympic.kz

    Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының мүшесі Санжар Тәшкенбай Таиландағы Азия чемпионатының жартылай финалына өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Бүгін, 6 желтоқсанда Азия біріншілігінің ширек финалдық бәсекесінде Қазақстан құрамасының мүшесі Санжар Тәшкенбай шаршы алаңға шықты. Ол 48 кг дейінгі салмақ дәрежесінде тәжікстандық Мехрон Шафиевке қарсы кездесу өткізді.

    Нәтижесінде Санжар Тәшкенбай қарсыласын төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңді. Санжар Тәшкенбай екінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірді.

    Санжар Тәшкенбай 2022 жылы Амманда өткен Азия чемпионатында, 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңген болатын.

    Айта кетейік, бүгін Азия чемпионатының ширек финалдық бәсекесінде тағы 4 қазақстандық боксшы бақ сынайды.

    Санжар Тәшкенбай тартысты кездесуде тәжік боксшысын жеңіп, жартылай финалға өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.