jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Cәкен Бибосынов Азия чемпионатында өзбек боксшысынан жеңіліп қалды

    Сәкен Бибосынов
    Сәкен Бибосынов. Фото: olympic.kz

    Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңіліс тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Сәкен Бибосынов жарысты ширек финалдан бастады. Оның алғашқы қарсыласы өзбек боксшысы Асилбек Жалилов болды. 51 кг салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте төрешілердің шешімімен Жалилов жеңіске жетті.

    Айта кетейік, Асилбек Жалилов – Өзбекстанның төрт дүркін чемпионы, Азия біріншілігінің жеңімпазы және күміс жүлдегері. Ал Сәкен Бибосынов – әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия чемпионатының күміс және қола медаль иегері.

    Осыған дейін тағы бір қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай 48 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі ширек финалда тәжікстандық Мехрон Шафиевті жеңіп, жартылай финалға өткен еді.

    Cәкен Бибосынов Азия чемпионатында өзбек боксшысынан жеңіліп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.