jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Санжар Тәшкенбай жапон боксшысын жеңіп, Азия чемпионатының финалына шықты

    Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай
    Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай. Фото: t.me/olimpicgames_Kazteamfan

    Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Таиландтағы Азия чемпионатының алтынына таласады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Санжар Тәшкенбай 48 кг салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда Жапония өкілі Казума Аратакемен кездесті. Бірінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберген қазақстандық боксшы төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті.

    Айта кетейік, қос боксшы 2022 жылы Аммандағы (Иордания) Азия біріншілігінің финалында кездескен болатын. Ол кезде де қазақстандық боксшы басым түсті. 21 жастағы Санжар Тәшкенбай 2023 жылы әлем чемпионы атанған.

    Еске салайық, Санжар Тәшкенбай Таиландтағы құрлық додасының ширек финалында тәжікстандық Мехрон Шафиевті жеңген еді.

    Кеше, 7 желтоқсанда Азия чемпионатында әйелдер арасындағы жартылай финал өтті. Шаршы алаңға шыққан 9 қазақстандық боксшының төртеуі ақтық сынға жолдама алса, бесеуі қарсыласына есе жіберіп, қола жүлде иеленді.

    Санжар Тәшкенбай жапон боксшысын жеңіп, Азия чемпионатының финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.