jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Қарсыласын нокдаунға жіберді: Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының финалына өтті

    Махмұд Сабырхан
    Махмұд Сабырхан. Фото: instagram.com/qaz_olympics

    Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Таиландтағы Азия чемпионатының финалына шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    54 кг салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда Махмұд Сабырхан ринг қожайыны таиландтық Суктхет Сарабутпен жұдырықтасты. Екінші раундта қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсірді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Махмұд Сабырхан төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті (5:0).

    Айта кетейік, Махмұд Сабырхан – әлем чемпионы (2023), әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2021), Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2022).

    Осыған дейін тағы бір қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай жартылай финалда Жапония өкілі Казума Аратакені жеңіп, ақтық сынға жолдама алған еді.

    Қарсыласын нокдаунға жіберді: Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының финалына өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.