
Қазақстандық боксшы Наталья Богданова Таиландтағы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Наталья Богданованың финалдағы қарсыласы таиландтық Байсон Маникон болды. 70 кг салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте қазақстандық боксшы төрешілердің бірыңғай шешімімен ұтты (5:0).
Еске салайық, бұған дейін Виктория Графеева (60 кг) Азия чемпионатының финалында Қытай өкілі Ли Цяньді жеңіп, алтын медаль еншілеген еді. Сондай-ақ Аида Әбікеева (63 кг) вьетнамдық Лин Ха Тхиден басым түсіп, чемпион атанды.
Бұдан бөлек Қазақстан қоржынында алты қола жүлде бар. Әйелдер арасында Әйгерім Сәттібаева (48 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Ұлжан Сәрсенбек (57 кг), Милана Сафронова (66 кг) және Диана Мағауяева (75 кг), ал ерлер арасында Ерасыл Жақпеков (80 кг) жартылай финалда жеңіліп, үшінші орын алған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2198478-tagy-bir-qazaqstandyq-boksshy-aziia-chempionatynda-altyn-medal-zhengip-aldy/