Спорт

Зектілері

9 боксшымыз алтын медаль үшін таласады: бүгін Азия чемпионатының финалында кім жұдырықтасады

Жарияланған күні:

Санжар Тәшкенбай
Санжар Тәшкенбай. Фото: kazsports.kz

Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының финалдық бәсекесінде бірнеше қазақстандық боксшы алтын медальге таласады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бүгін, 11 желтоқсанда Азия чемпионатының шаршы алаңында тоғыз қазақстандық боксшы сынға түседі.

Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері:

  • 48 кг. Санжар Тәшкенбай (Қазақстан) – Шодиержон Меликузиев (Өзбекстан);
  • 54 кг. Махмұд Сабырхан (Қазақстан) – Шахзод Муззафаров (Өзбекстан);
  • 57 кг. Оразбек Асылқұлов (Қазақстан) – Миразизбек Мирзахалилов (Өзбекстан);
  • 67 кг. Дулат Бекбауов (Қазақстан) – Мужибилло Тұрсынов (Өзбекстан);
  • 71 кг. Абылайхан Жүсіпов (Қазақстан) – Хавасбек Асадуллаев (Өзбекстан);
  • 75 кг. Диас Молжігітов (Қазақстан) – Джавахир Умматалиев (Өзбекстан);
  • 86 кг. Бекзат Нұрдәулетов (Қазақстан) – Джасурбек Юлдошев (Өзбекстан);
  • 92 кг. Сағындық Тоғамбай (Қазақстан) – Парвиз Каримов (Тәжікстан);
  • +92 кг. Айбек Оралбай (Қазақстан) – Абудурешити Ремула (Қытай).

Финалдық бәсекелер Қазақстан уақыты бойынша сағат 12:00-де басталады. Жекпе-жектердің тікелей көрсетілімін Азия бокс қауымдастығының YouTube желісіндегі ресми арнасынан көруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, Таиландтың Чиангмай қаласындағы Азия чемпионатының әйелдер арасындағы жарыста Қазақстан құрамасы турнирдің медальдар есебінде көш бастады. Қазақстанның әйелдер құрамасының боксшылары 5 алтын, 5 қола жүлде жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2198769-9-boksshymyz-altyn-medal-ushin-talasady-bugin-aziia-chempionatynyng-finalynda-kim-zhudyryqtasady/