jitsu gif
Спорт

    "Тек өздеріңізге сеніңіздер": Геннадий Головкин Азия чемпионатында қазақ боксшыларымен кездесті (видео)

    Геннадий Головкин боксшылармен кездесті
    Геннадий Головкин боксшылармен кездесті. Фото: instagram.com/aigerimaskarova91

    Ұлттық Олимпиадалық комитеттің президенті Геннадий Головкин бокстан Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасымен кездесіп, оларды жігерлендірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Qazsport телеарнасының Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Азия чемпионатында әйелдер арасындағы финалда қазақстандық бес боксшы сынға түсіп, бәрі алтын медаль жеңіп алған еді. Сондай-ақ тағы бес спортшы қола жүлде еншіледі.

    "Осы жаңа олимпиадалық циклде бәріңізде жақсы мүмкіндік бар. Тек өздеріңізге сеніңіздер. Бүгін керемет жекпе-жектеріңіздің куәсі болдым. Жарайсыздар. Осылай жалғастыра беріңіздер", - деді қазақстандық боксшылармен кездескен Геннадий Головкин.

    Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы Таиландтағы Азия чемпионатының жалпы есебінде 10 медальмен көш бастады. Екінші орынға Өзбекстан жайғасса, үздік үштікті Таиланд түйіндеді.

    Бүгін, 11 желтоқсанда ерлер арасында финалдық бәсекелер өтеді. Ел намысын Санжар Тәшкенбай (48 кг), Махмұд Сабырхан (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг), Диас Молжігітов (75 кг), Бекзад Нұрдәулетов (86 кг), Сағындық Тоғамбай (92 кг) және Айбек Оралбай (92 кг) қорғайды.

    "Тек өздеріңізге сеніңіздер": Геннадий Головкин Азия чемпионатында қазақ боксшыларымен кездесті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.