jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Махмұд Сабырхан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

    Боксшы Махмұд Сабырхан
    Боксшы Махмұд Сабырхан. Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

    Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Таиландтағы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Махмұд Сабырхан 54 кг салмақ дәрежесіндегі финалда өзбек боксшысы Шахзод Музафаровпен жұдырықтасты. Үш раундқа созылған тартысты бәсекеде Қазақстан құрамасының боксшысы төрешілер шешімімен (4:1) жеңіске жетті.

    Айта кетейік, Махмұд Сабырхан – әлем чемпионы (2023), әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2021), Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2022).

    Бұған дейін тағы бір қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай (48 кг) финалда өзбекстандық Шодиержон Меликузиевтен төрешілердің шешімі бойынша (1:4) жеңіліс тауып, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған еді.

    Махмұд Сабырхан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.