Қазақстандық спортшы, үш дүркін КИнЭС рекордшысы Алмат Жұманов (Qazaq Titan) 17 желтоқсан кәсіпқой бокстан Латын Америка құрлығының UBC Continental тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуін жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Кездесу Колумбияның Санта-Марта қаласында өтті. Бұл сында қазақстандық боксшы 77 кг салмақ дәрежесінде жергілікті боксшы Александр Монтероссамен (25-18-3) жұдырықтасты. Кездесу 1 раундта (26 секунд) нокаутпен аяқталды.
Алмат Жұманов, Қазақстан рекордтар кітабына үш мәрте рекорд тіркеген, жалаң қолмен жұдырықтасу спортында АҚШ-тың BKFC лигасымен келісімшартқа отырған алғашқы қазақ. Аталған лигада қыркүйек айында алғашқы жекпе-жегін өткізіп, 1-раунда техникалық нокаутпен жеңіске жеткен.
Айта кетейік, аса ауыр салмақтағы украиналық Александр Усик пен америкалық Тайсон Фьюри арасындағы жекпе-жекке тұңғыш рет жасанды интеллект төрелік етеді. Бұл туралы Сауд Арабиясының ойын-сауық істері жөніндегі бас басқармасының төрағасы Турки әл аш-Шейх Х желісіндегі ресми парақшасында мәлімдеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2201703-qazaq-boksshysy-qarsylasyn-26-sekundta-nokautqa-tusirip-chempion-atandy/