jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Усик пен Фьюри қарымта жекпе-жегі үшін қанша ақша алды

    Александр Усик
    Александр Усик. Фото: Richard Pelham/Getty Images

    Украин боксшы Александр Усик пен ағылшын Тайсон Фьюри қарымта жекпе-жек үшін қанша ақша алғаны мәлім болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Сауд Арабиясындағы матч қарсаңында ауыр салмақта өнер көрсететін екі боксшы арасындағы жекпе-жектің сыйақы қоры 191 млн доллар екені мәлім болды.

    Соның 114 млн доллары WBC, WBO, WBA және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Александр Усикке аударылады. Украин боксшысы кәсіби спорттағы мансабында мұндай көп ақша таппаған.

    Ал оның қарсыласы Тайсон Фьюри 76 млн доллар алды.

    Айта кетейік, екеуінің алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жеткен Усик шамамен 40 млн долларға ие болған. Сол кезде Фьюри ақысы 110 млн доллар болған.

    Александр Усик пен Тайсон Фьюри арасындағы қарымта кездесу украин боксшысының жеңісімен аяқталды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.