jitsu gif branding logo appbranding logo app

    36 жастағы боксшы Теміртас Жүсіпов Қазақстанның сегіз дүркін чемпионы атанды

    Теміртас Жүсіпов
    Теміртас Жүсіпов. Фото: olympic.kz

    Теміртас Жүсіпов бокстан Қазақстан чемпионатының финалдық бәсекесінде сынға түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қарағандыда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының 48 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Теміртас Жүсіпов Жамбыл облысының боксшысы Нұрзат Оңғаровпен жұдырықтасты. Нәтижесінде Теміртас Жүсіпов Қазақстанның сегіз дүркін чемпионы атанды.

    36 жастағы Теміртас Жүсіпов 2021 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында топ жарған. Ол екі мәрте Азия чемпионатының (2013, 2019) алтын медалін алған. Теміртас Жүсіпов бұған дейін Қазақстан чемпионатын 7 мәрте жеңіп алған.

    Айта кетейік, бүгінгі финалдық жекпе-жектерде 25 алтын сарапқа салынады.

    Сондай-ақ Назым Қызайбай (48 кг) мен Төрехан Сабырхан (67 кг) мерзімінен бұрын Қазақстан чемпионы атанды.

    36 жастағы боксшы Теміртас Жүсіпов Қазақстанның сегіз дүркін чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.