jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақ боксшысы кәсіби рингтегі жекпе-жегі жайлы ақпаратты жоққа шығарды

    Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
    Мұхаммедсабыр Базарбайұлы. Фото: t.me/boxing_kazakhstan

    БАҚ-та қазақ боксшысы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы кәсіпқой бокста дебют жасайтыны туралы ақпарат тараған еді. Алайда боксшы 1bol.kz сайтына берген сұқбатында бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Мұхаммедсабыр Базарбайұлы кәсіпқой бокста жекпе-жек өткізуге ұсыныс түскенін, бірақ өзі бас тартқанын айтты.

    "БАҚ беттерінде менің кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсететінім туралы ақпарат тарады, бірақ бұл жалған. Нақтырағы, ұсыныс түскені рас, алайда өзім бас тарттым. Бір жекпе-жек деп айтылды, сөйте тұра дайындалатын уақыт тым аз. Оның үстіне болашағымды әзірге әуесқой бокспен ғана байланыстырғым келеді. Алда жарыстар бар, бар назарды соларға аударып, тыңғылықты даярлық жасау қажет. Бала кезімнен келе жатқан армандарымды орындасам деймін. Жоспар көп, соларды жүзеге асырсақ деген ниетіміз бар", - деді боксшы.

    Cондай-ақ Мұхаммедсабыр Азия чемпионатындағы нәтижесі туралы да айтты. Ол ширек финалда таиландтық қарсыласына төрешілердің шешімі бойынша есе жіберген еді.

    "Бәрі жақсы болған, дайындық та ойдағыдай өтті. Бабымда екенімді де сездім. Алтын үшін барып едім, бұйырмай қалды. Алғашқы кездесуімде жергілікті боксшымен жолымыз түйісті. Жартылай финал жолдамасы, яғни жүлдеге мүмкіндік сарапқа салынған айқас еді. Ал менің қарсыласым жартылай финалға шығатын өз елінің жалғыз боксшысы болды. Бәлкім, сондықтан да ол келесі кезеңге өтуі керек болған шығар. Әйтпесе өз өнеріме көңілім толды.

    Екінші ірі турнирде осындай жағдай тіркелді. Ауыр тиді. Бапкерлерім "Ер жігіттің басына не келіп-кетпейді. Бұдан да жақсырақ дайындаламыз, бұдан да мықтырақ боласың" деп жұбату сөздерін айтты. Туған-туыстарым да қолдау көрсетті. Қазір өз-өзіме келдім, бәрі жақсы. Мұның бәрі сынақ қой", - деді боксшы.

    Еске салайық, Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері Қайрат Сәтжанов 2025 жылы қазақстандық боксшылар екі әлем чемпионатына қатысатынын айтқан еді.

    Қазақ боксшысы кәсіби рингтегі жекпе-жегі жайлы ақпаратты жоққа шығарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.