jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Мықты боксшылар жетерлік": бас бапкер құрамадағы жас таланттар туралы айтты

    Төрехан Сабырхан
    Төрехан Сабырхан. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

    Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов командадағы жас таланттар туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Махмұд пен Төрехан Сабырхандар – өте талантты жігіттер. Мұндай деңгейдегі боксшылар көп емес. Олардың қатарына Санжар Тәшкенбай мен Сәкен Бибосыновты да қосуға болады. Тағы бір ерекше санаттағы боксшылар бар – олар дарынды. Оразбек Асылқұлов солардың қатарында. Жалпы алғанда, Қазақстанда мықты боксшылар жетерлік. Жақында ғана өткен ел чемпионатында Нұрзат Оңғаров, Даниял Сабит, ағайынды Сапарбайлар және басқа да жас боксшылар жақсы өнер көрсетті. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстанда мықты бокс резерві бар деп айтуға болады", - деп түйіндеді Қайрат Сәтжанов.

    Еске салайық, Қайрат Сәтжанов Асланбек Шымбергенов пен Қамшыбек Қоңқабаевтың командадағы болашағына қатысты пікір білдірді. Сондай-ақ бас бапкер Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары арасындағы бәсекелестік туралы айтқан болатын.

    "Мықты боксшылар жетерлік": бас бапкер құрамадағы жас таланттар туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.