jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Бокстан әлем чемпионы Мерей Ақшаловқа құрмет белгісі табысталды (фото)

    Руслан Есеналин Мерей Ақшаловқа құрмет белгісін табыстап жатыр
    Руслан Есеналин Мерей Ақшаловқа құрмет белгісін табыстап жатыр. Фото: sport_comiteti

    Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшаловқа ТМД парламентаралық ассамблеясының құрмет белгісі табысталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Спорт комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

    "Қазақстан Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Руслан Есеналин Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшаловқа ТМД парламентаралық ассамблеясының құрмет белгісін табыстады.

    Куәлік "Дене шынықтыру, спорт және туризм саласының дамуына қосқан үлесі үшін" берілді", - делінген хабарламада.

    Мерей Ақшалов пен Руслан Есеналин
    Мерей Ақшалов пен Руслан Есеналин. Фото: t.me/sport_comiteti

    Естеріңізге сала кетейік, Мерей Ақшалов бұдан бір ай бұрын еліміздің бокс федерациясының бас хатшысы болып тағайындалған еді.

    Мерей Төлегенұлы бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, "Құрмет" орденінің иегері. Бокстан 2013 жылғы Азия және әлем чемпионы. Екі ірі жарыс та Амманда өткен болатын.

    2014 жылы денсаулық жағдайына байланысты спорттағы мансабын аяқтаған.

    Бокстан әлем чемпионы Мерей Ақшаловқа құрмет белгісі табысталды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.