jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алуа Балқыбекова Ливерпульде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының ширек финалына шықты

    Алуа Балқыбекова
    Алуа Балқыбекова. Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

    Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Алуа Балқыбекова бокстан Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіске жетті. Бұл туралы Olympic.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Басылымның жазуынша, Алуа Балқыбекова 51 келіге дейінгі салмақта оңтүстіккореялық Мун Каенмен қолғап түйістірген.

    Алуа бірінші раундтан-ақ қарсыласын қыспаққа алған. Ол екінші және үш раундта да қарсыласынан басым түсіп, нәтижесінде 5:0 есебімен жеңіске жеткен.

    Енді Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды.

    Айта кетейік, бүгін Алуадан бөлек, тағы 8 қазақ боксшысы шаршы алаңға шығады.

    Олардың арасында, Махмұд Сабырхан, Санжар Тәшкенбай, Ертуған Зейнулинов, Бекзат Нұрдәулетов, Нұрбек Оралбай, Назым Қызайбай, Виктория Графеевв және Наталья Богданова бар.

    Алуа Балқыбекова Ливерпульде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының ширек финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.