jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Бокстан әлем чемпионаты: Назым Қызайбай турнирді сәтті бастады

    Назым Қызайбай
    Назым Қызайбай. Фото: Ақор

    Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Назым 48 келіге дейінгі салмықтың 1/8 финалында венгриялық Лилла Селецкимен қолғап түйістірді.

    Назым алғашқы раундтан-ақ тізгінді қолына алды. Тіпті, екінші үшминуттықта қарсыласын нокдаунға жіберді. Нәтижесінде айқын басымдықпен жеңіске жетті. Осылайша, Назым Қызайбай (48 келіге дейін) әлем чемпионатының жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды.

    Айта кетейік, бұған дейін 51 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан боксшы Алуа Балқыбекова да ширек финалға өткен болатын.

    Сондай-ақ, бокстан Қазақстан құрамасының боксшылары Махмұд Сабырхан мен Нұрбек Оралбай да қарсыластарын жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды.

    Бокстан әлем чемпионаты: Назым Қызайбай турнирді сәтті бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.