jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Бас бапкерліктен кеткен Қайрат Сәтжанов жаңа қызметке тағайындалды

    Қайрат Сәтжанов
    Қайрат Сәтжанов. Фото: ҚБФ

    Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бұрынғы бас бапкері Қайрат Сәтжанов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды еліміздің бокс федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Қазақстан бокс федерациясы президентінің бұйрығымен Қайрат Сәтжанов ҚБФ жаттықтырушылармен жұмыс жөніндегі вице-президенті қызметіне тағайындалды.

    Қайрат Тұрсынханұлы жаттықтырушылар жұмысын үйлестіріп, дайындық жоспарына жұмыс істейді", - делінген хабарламада.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қайрат Сәтжановтың денсаулығына байланысты бокстан ерлер құрамасының бас бапкері қызметінен кеткені белгілі болған еді.

    Қайрат Тұрсынханұлы 2024 жылғы тамыздан бастап бас бапкер қызметін атқарды.

    Оның орнына ерлер командасының бас бапкері болып Нұржан Насанов тағайындалды.

    Бүгін Астанада бокс федерациясы Қайрат Сәтжановқа құрмет көрсетіп, Toyota Land Cruiser 300 автокөлігін және Астана қаласынан 3 бөлмелі пәтер кілтін табыстады.

    Бас бапкерліктен кеткен Қайрат Сәтжанов жаңа қызметке тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.