jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Сабыржан Аққалықов өзбек боксшысын жеңіп, Азия чемпионатының алтын медалін иеленді

    Сабыржан Аққалықов
    Сабыржан Аққалықов. Фото: ҚР ҰОК

    Сабыржан Аққалықов Азия чемпионатының алтын медаліне қол жеткізді, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда ересектер арасындағы Азия чемпионатының финалдық бәсекесі өтіп жатыр.

    75 келіде өнер көрсеткен Сабыржан Аққалықов ақтық сында Өзбекстан спортшысы Жавохир Абдурахимовпен жолыққан.

    Сабыржан алғашқы минутта-ақ техникалық шеберлігін көрсетіп, қарсыласын толықтай бақылауға алған. Нәтижесінде ол 5:0 есебімен жеңіске жеткен.

    Айта кетейік, бұған дейін Оразбек Асылқұлов 60 келіде Азия чемпионы атанған еді.

    Сондай-ақ Төрехан Сабырхан күміс жүлдеге ие болғанын жазған едік.

    Сабыржан Аққалықов өзбек боксшысын жеңіп, Азия чемпионатының алтын медалін иеленді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.