Санжар Тәшкенбай өзбекстандық боксшыны жеңіп, әлем кубогының чемпионы атанды
Жарияланған күні:
Бокстан Қытайдың Гуйяне қаласында өтіп жатқан әлем кубогында 50 келі салмақта Санжар Тәшкенбай топ жарды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ақтық сында екі дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай Азия чемпионы, өзбекстандық боксшы Асилбек Жалиловпен жұдырықтасқан.
Өте тартысты өткен жекпе-жекте төрешілер 3:2 есебімен Санжар Тәшкенбайды жеңімпаз деп таныған.
Финалдық бәсекеге дейін қазақ боксшысы 1/4 финалда қырғызстандық Анваржан Ходжиевті 5:0, 1/2 финалда испаниялық Мартин Молина Сальвадорды 5:0 есебімен жеңген.
Айта кетейік, бұл Қазақстан қоржынына түскен әлем кубогының төртінші алтын медалі.
Бұған дейін Назым Қызайбай, Виктория Графеева және Абылайхан Жүсіпов жарыс жеңімпазы атанды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2391171-sanzhar-tashkenbai-ozbekstandyq-boksshyny-zhengip-alem-kubogynyng-chempiony-atandy/