jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Дзюдодан Grand Slam турнирі: қазақ баласы өз мансабында тұңғыш рет қола медаль жеңіп алды

    Асқар Нарқұлов татамиде
    Асқар Нарқұлов. Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

    Дзюдодан Астанадағы Grand Slam турнирінің екінші жарыс күнінде Қазақстан қоржынына екі медаль түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    73 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Данияр Шамшаев пен Асқар Нарқұлов турнирдің қола жүлдегері атанды.

    Шамшаев кіші финалда өз командаласы Жансай Смағұловтан басым түссе, Нарқұлов грузиялық Георгий Терашвилиден басым түсті.

    Бір айта кетерлігі, Асқар Нарқұлов Grand Slam турнирінен алғаш рет медаль алып отыр.

    Еске сала кетейік, кешегі жарыс күнінде Мағжан Шамшадин 60 келіге дейінгі салмақта чемпион атанса, Ғұсман Қырғызбаев 66 келіде турнирдің күміс медалін иеленген болатын.

    Астанадағы әлемдік жарыс ертең мәресіне жетеді.

    Дзюдодан Grand Slam турнирі: қазақ баласы өз мансабында тұңғыш рет қола медаль жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.