jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатының финалына өтпеді

    Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының күміс жүлдегері
    Жәмила Бақбергенова. Фото: uww.org

    Қазақстандық балуан Жәмилә Бақбергенова Белград қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатының финалына өтпей қалды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Жәмилә Бақбергенова 72 келі салмақта жартылай финалда моңғолиялық Дааванасан Енкх Амарға ұтылып қалды. Жекпе-жек 2:6 есебімен аяқталды.

    Қазақстандық спортшы енді қола жүлде үшін күресетін болады.

    Айта кетейік, бұған дейін Жәмилә Бақбергенованың әлем чемпионатының жартылай финалына шыққанын хабарлаған болатынбыз. Ол алғашқы жекпе-жегінде сербиялық Наги Надты, ширек финалда ресейлік Ксения Буракованы жеңді.

    Сондай-ақ, аталмыш әлем чемпионатына қатысқан отандасымыз Ризабек Айтмұхан финалда әзербайжандық балуан Осман Нурмагомедовті жеңіп, еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанған еді.

    Кейін Ризабекті жарқын жеңісімен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтап, балуанның мұндай жетістігі жас буынның спортқа құлшынысын арттыратынына сенім білдірді.

    Сонымен қатар, Ризабектің әлем чемпионатындағы жеңісі үшін мемлекеттен қанша сыйақы алатыны белгілі болды.

    Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатының финалына өтпеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.