Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еркін күрестен әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұханға кәсіпкерлер көлік сыйлады (видео)

Опубликовано:

Ризабек Айтмұхан. Фото
Ризабек Айтмұхан. Фото : Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Қазақстандық кәсіпкерлер еркін күрестен 2023 жылғы әлем чемпионатында алтын алған Ризабек Айтмұханға көлік сыйлады, деп хабарлады Qazaq kures қауымдастығының басшысы Самат Ерғалиев Instagram желісінде.

18 қыркүйекте Белградта 19 жастағы Ризабек Айтмұхан 92 келі салмақта әлем чемпионы атанды. Шешуші шайқаста оған әзербайжандық Осман Нурмагомедов қарсылас болды.

Сол әлем чемпионатында 86 келі салмақта тағы бір қазақстандық еркін күрес балуаны Азамат Дәулетбеков қола медаль мен Париж Олимпиадасына жолдама алды.

Айта кетейік, Қазақстан үшін бұл жеңіс тарихи болды – Айтмұхан Қазақстан тарихындағы еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы атанды.

Кеше Алматы әуежайында спортшыларды салтанатты түрде қарсы алды - жеңімпаздарды қарсы алуға жанкүйерлер, журналистер мен палуандардың туыстары келді.

Сонымен қатар Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz медиа-порталының хабарлауынша, Ризабек Айтмұхан Ұлттық ұланның сарбазы, Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы Алматыдағы 5571 әскери бөлімінде борышын өтеуде.

"Мен тоғыз жыл жаттықтым. Қазір әлем чемпионы болғанымды әлі толық түсінбеймін", - деді Ризабек Айтмұхан.

Қатардағы Айтмұхан Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылының тумасы. Ол биылғы жазда Алматыдағы Ұлттық ұлан қатарында әскери борышын өтеуге шақырылды, деп толықтырды Ішкі істер министрлігі.

Жеңісі үшін Ризабек 15 мың доллар (7 миллион теңге) алса, тағы 15 мың доллар оның бапкерлер штабына беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2037656-erkin-kuresten-alem-cempiony-atangan-rizabek-aitmuxanga-kasipkerl-kolik-syilady-video/

pixel