jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Азия ойындары: джиу-джитсудан ел қоржынына екінші қола жүлде түсті

    Алдияр Серік Азия ойындарында
    Алдияр Серік Азия ойындарында Фото: Olympic.kz/Тұрар Қазанғапов

    Қазақстан қоржыны тағы бір қола медальмен толықты. Джиу-джитсудан ел намысын қорғаған Алдияр Серік Азия ойындарының үздік үштігіне енді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    69 келі салмақта белдескен Алдияр Серік сингапурлық қарсыласын ұпай санымен жеңіп, Азия ойындарының қоласын жеңіп алды.

    Бұған дейін 62 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан атынан шыққан Мансұр Хабибулла да Азиаданың қола жүлдесіне ие болды. Қазақстандық спортшы филиппиндік Марк Александер Лимді (Филиппин) 6:2 есебімен ұтты.

    Айта кетейік, бұған дейін қос велоспортшымыз топтық жарыста жүлделі орындарға ие болғанын хабарлаған едік.

    Тас жолдағы велоспорттан 207.7 шақырымға созылған топтық сайыста Азия ойындарына бірінші рет қатысқан 23 жастағы Евгений Федоров топ жарды. Спортшы ел қоржынына алтыншы алтын медальді салды.

    Осы жарыстың күміс жүлдесі қазақстандық велошабандоз Алексей Луценкоға бұйырды.

    Азия ойындары: джиу-джитсудан ел қоржынына екінші қола жүлде түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.