Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азиада-2023: Қазақстан қоржыны тағы бір қоламен толықты

Опубликовано:

Хабибулла Мансұр Азия ойындарында
Хабибулла Мансұр Азия ойындарында Фото: Нұрғали Жұмағазы

Азия ойындарында джиу-джитсудан Қазақстан атынан шыққан Мансұр Хабибулла филиппиндік қарсыласынан басым түсіп, құрлықтық доданың қола жүлдесін еншіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Джиу-джитсудан 62 келіде әлем чемпионатының екі мәрте қола жүлдегері Мансұр Хабибулла үшінші орын үшін өткен бәсекеде филиппиндік Марк Александер Лимді (Филиппин) 6:2 есебімен ұтты.

Айта кетейік, бұған дейін қос велоспортшымыз топтық жарыста жүлделі орындарға ие болғанын хабарлаған едік.

Тас жолдағы велоспорттан 207.7 шақырымға созылған топтық сайыста Азия ойындарына бірінші рет қатысқан 23 жастағы Евгений Федоров топ жарды. Спортшы ел қоржынына алтыншы алтын медальді салды.

Осы жарыстың күміс жүлдесі қазақстандық велошабандоз Алексей Луценкоға бұйырды.

Жарыс жолына шыққан тағы бір отандық велоспортшы Дмитрий Груздев 5-ші, Глеб Брусенский 18-сатыдан көрінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2039702-aziada-2023-qazaqstan-qorzynyna-tagy-bir-qola-salyndy/

pixel