Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылардың тізімі жарияланды

Опубликовано:

Абиба Әбужақынова татамиде
Абиба Әбужақынова. Фото: olympic.kz

2-3 желтоқсан күндері Жапония астанасы Токиода өтетін дзюдодан әлемдік Grand Slam жарысында ел намысын қорғайтын дзюдошылар тізімі жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан дзюдо федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.

Маусымның соңғы бәсекесіне 88 елден 527 дзюдошы қатысады деп жоспарланған. Айтулы додада 20 қазақстандық дзюдошы бақ сынайды.

Аталған жарыста ел намысын қорғайтын спортшылар тізімі:

Ерлер:

  • Нұрқанат Серікбаев, Елдос Сметов – 60 келі;
  • Ғұсман Қырғызбаев, Нұрзат Сәлімбаев – 66 келі;
  • Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов – 73 келі;
  • Абылайхан Жұбаназар, Руслан Мусаев – 81 келі;
  • Айдар Арапов, Ермахан Ануарбеков – 90 келі;
  • Бекарыс Сәдуақас, Нұрлыхан Шархан – 100 келі;
  • Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбай – 100 келіден жоғары.

Әйелдер:

  • Абиба Абужақынова, Ғалия Тынбаева – 48 келі;
  • Эсмигүл Куюлова – 63 келі;
  • Екатерина Токарева – 70келі;
  • Назгүл Маратова, Камила Берліқаш – 78 келіден жоғары.

Айта кетейік, қазақстандық дзюдошы Камила Берліқаш Абу-Дабиде өткен Grand Slam жарысының күміс жүлдесіне ие болған еді. Камила Берліқаш Қазақстан дзюдо тарихында дзюдодан әйелдер арасында Grand Slam жарысының финалына шыққан тұңғыш қазақстандық дзюдошы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2048384-grand-slam-tuurnirine-qatysatyn-qazaqstandyq-dzyudosylardyn-tizimi-zariyalandy/

pixel