jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Дзюдошы Әбиба Әбужақынова Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды

    Әбиба Әбужақынова
    Әбиба Әбужақынова. Фото: ijf.org

    Ташкентта өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam жарысында қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова күміс жүлде еншіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    48 келіде белдесетін Әбиба Әбужақынова финалда Ресей атынан сынға түскен нейтралды спортшы Сабина Гилиязовамен кездесіп, жеңіліп қалды. Осылайша қазақстандық дзюдошы жарыстың күміс жүлдесін місе тұтты.

    Айта кетейік, Әбиба жартылай финалда швециялық дзюдошы Тара Бабулфатты жеңді. Осылайша Бакуде кеткен есесін қайтарған еді.

    Қазақстандық дзюдошы жыл басталғалы бері қатысқан жарыстарының бәрінде жүлде алып келеді. Ол Португалияның Одивелаш қаласында өткен дзюдодан әлемдік Гран-при турнирінде қола медаль иеленді. Кейін Бакуде (Әзербайжан) өткен әлемдік Grand Slam жарысында тағы да қола жүлде еншіледі.

    Еске салайық, Елдос Сметов Ташкентте өтіп жатқан жарыстан шеттетілгенін жазғанбыз. Бас бапкер Нұрбол Сүлейменовтің айтуынша, ол қарсыласына тыйым салынған әдісті қолданғандықтан жұбаныш белдесуіне қатыса алмайды.

    Дзюдошы Әбиба Әбужақынова Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.