Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басты мақсатым – Олимпиада": Ризабек Айтмұхан Азия чемпионатындағы жеңілісі туралы айтты

Опубликовано:

Ризабек Айтмұхан
Ризабек Айтмұхан. Фото: instagram.com/qaz_olympics

Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатының финалындағы жеңілісі туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

97 кг салмақта сынға түскен Ризабек Айтмұхан ақтық бәсекеде бахрейндік балуан Ахмед Тажудиновтен 4:2 есебімен жеңіліп, күміс жүлде еншілеген еді.

"97 кг салмақта 92-ге қарағанда Ахметтен де тәжірибелі, мықты балуандар бар. Негізі күресуге болады. Бәріміздің екі бірдей қолымыз, аяғымыз бар, біреу басқасынан артық емес. Екінші рет күміс жүлдеге қол жеткізгенім өкінішті, осы жолы алтын болады деп ойлағанмын.

Алдағы мақсат – мүмкіндік болса Олимпиада лицензиясын алу және Олимпиадаға қатысу. Егер ол жарыс бұйырмаса жастар арасындағы жарыстарға дайындаламыз", – деді Ризабек Qazsport арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Ризабек 2023 жылы Астанада өткен Азия чемпионатында 92 кг салмақта күміс медаль алған еді. Сондай-ақ Сербияда өткен әлем біріншілігінде жеңімпаз атанып, еркін күрестен тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы атанған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2083487-basty-maqsatym-olimpiada-rizabek-aitmuxan-aziya-cempionatyndagy-zenilisi-turaly-aitty/

pixel