jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Азия чемпионатының финалында Ризабек Айтмұханды жеңген балуан мәлімдеме жасады

    Ризабек Айтмұхан мен Ахмет Тажудинов
    Ризабек Айтмұхан мен Ахмет Тажудинов. Фото: instagram.com/qaz_olympics

    Күрестен Азия чемпионатының финалында қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұханды жеңген Бахрейн өкілі Ахмет Тажудинов мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Кеше, 11 сәуірде Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында Ризабек Айтмұхан мен Ахмет Тажудинов кездескен еді. Бұл бәсекеде Тажудинов 4:2 есебімен жеңді.

    "Мен екінші мәрте Азия чемпионы болдым. Өткен жылдың сәуірінен бері Жаратушы маған қатарынан алтыншы рет жеңіс тұғырына көтерілуге күш беріп жатыр. Әр сәт сайын әлемнің түрлі мемлекетінен жанкүйерлерім қолдап жатқанын сеземін. Бұл маған мотивация береді. Әрқайсыңызға қолдауларыңыз үшін алғыс айтамын. Мен сіздерді Париждегі Олимпиада ойындарында алтын жүлде алып қуантуға тырысамын. Енді жарақаттарымды емдеп, жаттықтырушыларыммен және командадағы бауырларыммен дайындықтың соңғы кезеңінен өту ғана қалды", - деп жазды Ахмет Тажудинов Instagram-дағы парақшасында.

    Еске салайық, Ризабек Айтмұхан финалдағы жеңілісі туралы айтқан еді.

    Азия чемпионатының финалында Ризабек Айтмұханды жеңген балуан мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.