jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық екі балуан Азия чемпионатының алтын жүлдесі үшін күреседі

    Азамат Дәулетбеков
    Азамат Дәулетбеков. Фото: olympic.kz

    Асыл Айтақын мен Азамат Дәулетбеков Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатының финалына өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    61 кг cалмақта бақ сынап жатқан Асыл Айтақын жартылай финалда Акаш Дахияны (Үндістан) 11:0 есебімен жеңді. Финалда ол қырғызстандық Тайырбек Жұмашбекұлымен кездеседі.

    Ал Азамат Дәулетбеков (86 кг) жартылай финалда қытайлық балуан Пейлон Лиді 11:0 есебімен ұтты. Енді Дәулетбеков ақтық сында Өзбекстан өкілі Жабраил Шапиевпен белдеседі. Жеңетін болса, Азияның үш дүркін чемпионы атанады. 

    Еске салайық, кеше, 10 сәуірде Қазақстан құрамасының қоржынына 2 жүлде түсті. Еркін күрестен 57 кг салмақтағы Мейрамбек Қартбай қытайлық балуан Вею Лиді 7:2 есебімен жеңіп, қола жүлдеге ие болды. Ал Ризабек Айтмұхан (97 кг) финалдық кездесуде әлем және Азия чемпионы, Бахрейн өкілі Ахмед Тажудиновтен 4:2 есебімен жеңіліп, күміс жүлде еншіледі.

    Қазақстандық екі балуан Азия чемпионатының алтын жүлдесі үшін күреседі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.