jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Мағжан Шамшадин Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды

    Мағжан Шамшадин
    Мағжан Шамшадин. Фото: ijf.org

    Қазақстандық дзюдошы Мағжан Шамшадин Душанбеде (Тәжікстан) өтіп жатқан Grand Slam турнирінде күміс медаль иеленді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    60 кг салмақтағы Мағжан Шамшадин жарыстың финалында Тәжікстан өкілі Мұхаммедсалех Куватовпен кездесті. Бұл бәсекеде тәжікстандық дзюдошы "иппон" әдісімен жеңіп кетті.

    Айта кетейік, Мағжан турнирдегі алғашқы белдесуінде Мұхаммад Махмадизоданы (Тәжікстан) ұтты. Кейін ширек финалда италиялық Анджело Пантаномен кездесіп, "иппон" ұпайымен жеңіске жетті. Ал жартылай финалда ресейлік Изнаур Сааевтан қосымша уақытта басым түсіп, ақтық бәсекеге өткен еді.

    Мағжан Шамшадин өткен жылдың соңында жарақатына байланысты қатардан шығып қалған болатын. Ол жақында жарақатынан айығып, ұлттық құрама сапына қосылды.

    Енді Мағжан 10-12 мамыр аралығында Астанада өтетін дзюдодан әлемдік Grand Slam турниріне қатысады. Бұл жарыста дзюдошылар биыл Парижде өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін ұпай жинайды. 

    Мағжан Шамшадин Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.