jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Елдос Сметов елордада өтіп жатқан Grand Slam жарысында қола жүлде еншіледі

    Елдос Сметов
    Елдос Сметов. Фото: olympic.kz

    Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    60 кг салмақта бақ сынаған қазақстандық дзюдошы қола жүлде үшін таласта Әзербайжан өкілі Ахмад Юсифовты жеңді.

    Сметов алғашқы айналымда португалиялық Родриго Коста Лопеспен кездесіп, "иппон" әдісімен ұтқан еді. Кейін 1/8 финалда марокколық Юнесс Саддикиден басым түсті. Ал ширек финалда ресейлік Рамазан Абдуллаевтан қосымша уақытта есе жіберіп, жұбаныш белдесуінде түркменстандық Айбек Өміровты "иппон" ұпайымен жеңген болатын.

    Ал бүгін, 10 мамырда боз кілемге шыққан Қазақстан ерлер құрамасының өзге мүшелері толығымен жеңіліс тапты. 

    Айта кетейік, осыған дейін Ғалия Тынбаева қазақ қыздары арасында тұңғыш рет Grand Slam турнирінің чемпионы атанғанын жазғанбыз.

    Елдос Сметов елордада өтіп жатқан Grand Slam жарысында қола жүлде еншіледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.