Қытайдағы қазақ балуаны Әбусайман Хабила Стамбұлда (Түркия) өткен соңғы әлемдік лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасына жолдама иеленді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Еркін күрестен 97 кг салмақта бақ сынаған Әбусайман Хабила жолдама үшін белдесуде өзбекстандық балуан Магомед Ибрагимовты 2:1 есебімен жеңді.
Еске салайық, Әбусайман Бішкекте (Қырғызстан) өткен лицензиялық жарыстың жартылай финалында қазақстандық балуан Әлішер Ерғалимен күрескен еді. Бұл бәсекеде Әлішер 3:1 есебімен ұтып, Олимпиада жолдамасын еншілеген болатын.
Стамбұлдағы турнирге қазақстандық балуандар да қатысты. Бірақ олар бірде-бір лицензия иелене алмады.
Қазір Қазақстан қоржынында күрес түрлерінен Олимпиаданың 7 жолдамасы бар: грек-рим күресі – 4, еркін күрес – 3. Ал күрестен Қазақстан әйелдер құрамасы тарихта алғаш рет Олимпиада ойындарына қатыспайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2100020-qytaidagy-qazaq-baluany-parizh-olimpiadasyna-zholdama-zhengip-aldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.