Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеңімпазға 500 доллар беріледі: Астанада дзюдодан халықаралық турнир өтпек

Опубликовано:

дзюдо
Жас дзюдошылар. Фото: fdk.kz

22 маусымда Астанада дзюдодан Данияр Макишевті еске алуға арналған жастар арасында халықаралық турнир өтеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Халықаралық турнирге Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Белорусь және Өзбекстаннан 150-ге жуық дзюдошы қатысады деп жоспарланып отыр. Жарысты Youtube желісіндегі Kazakhstan Judo Team арнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады. Бірінші орын алған спортшыға 500, екінші орынға 350, ал үшінші орынға 200 АҚШ доллары берілмек.

Халықаралық дода 20 жасқа дейінгі жастар арасында 7 салмақ дәрежесінде өтеді. Ұлдар 60, 66, 73, 81, 90, 100 килограмға дейінгі және 100 килограмнан жоғары салмақ дәрежелерінде бақ сынайды. Бұл жарыс Қазақстан жастар ұлттық құрама командасының әлем чемпионаты алдындағы дайындық кезеңі болып саналады.

Еске салайық, Парижде (Франция) өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын дзюдодан Қазақстан құрамасы анықталған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2118879-zhengimpazga-500-dollar-beriledi-astanada-dziudodan-halyqaralyq-turnir-otpek/