Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық балуан еркін күрестен екі дүркін Азия чемпионы атанды

Опубликовано:

Едіге Қасымбек
Едіге Қасымбек. Фото: uww.org

Хашимитте (Иордания) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында (U17) еркін күрес шебері Едіге Қасымбек алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

110 кг салмақ дәрежесінде бақ сынаған Едіге Қасымбек финалда Қытай өкілі Жуйцзе Лиді жеңді. Ол финалға дейінгі белдесулерде үндістандық, жапониялық және ирандық қарсыластарынан басым түскен болатын.

Бұл Едігенің Азия біріншілігіндегі екінші алтыны. Қазақстандық балуан өткен жылы Қырғызстан астанасы Бішкекте күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында топ жарған еді.

Едігеден бөлек, Иорданиядағы жарыста бірнеше қазақстандық еркін күрес шебері жүлдегер атанды. Бекасыл Асамбек күміс, Бекзат Амангелді, Ибрахим Ысқақбек, Ералы Әскербек, Әмір Оразбаев, Ерғали Бейбарыс және Бақдәулет Әкімжанов қола медаль еншіледі.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Азия чемпионатында 6 медаль жеңіп алғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2124129-qazaqstandyq-baluan-erkin-kuresten-eki-durkin-aziia-chempiony-atandy/