jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық балуан грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды

    Мерей Мәулітханов
    Мерей Мәулітханов. Фото: olympic.kz

    Иорданияда күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан Азия біріншілігінде қазақстандық балуан Мерей Мәулітханов алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Мерей Мәулітханов грек-рим күресінен 72 кг cалмақта бақ сынап, жарыстағы бүкіл қарсыласынан басым түсті.

    Өзге де қазақстандық балуандар Диас Әскербай (67 кг), Расул Жүніс (77 кг) және Әмір Төлебаев (82 кг) финалда жеңіліп, күміс жүлде еншіледі. Бақдәулет Азамат (97 кг) пен Асылбек Жәнібекұлы (130 кг) қола медаль иеленді.

    Еске салайық, Иорданияда өткен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы турнирде әйелдер күресінен сынға түскен қазақстандық балуандар 6 медаль жеңіп алған еді. Ал еркін күрес шеберлері 8 жүлде алса, грек-рим күресінен бақ сынаған спортшыларымыз 6 медаль еншіледі.

    Қазақстандық балуан грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.